Білім сапасын арттыру жолындағы бірлескен жұмыс – болашаққа сенімді қадам!
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сай «№27 орта мектеп-лицейі» КММ базасында 27 ақпан 2026 жылы Ақтөбе қаласы бойынша №2 аумақтық білім беру округіне қарасты мектеп педагогтеріне арналған облыстық шеберлік сыныбы өтті. Тақырыбы: «Сапалы білімге бағыт: жасанды интеллект, цифрлық құралдар және белсенді оқыту әдістері»
Шеберлік сыныбының мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, білім беру үдерісінде жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды тиімді қолдану жолдарын көрсету және белсенді оқыту әдістерін тәжірибеде енгізу. Іс-шараның ашылу салтанатын мектеп директоры Хамзина Гульжан Минуллаевна сөйлеп ашты. «1 сөз – 1 қозғалыс» психологиялық тренингін мектептің бастауыш сынып мұғалімі У.А.Абдинагиева өткізді. Теориялық бөлімде директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Танатарованың «Білім беруді цифрландыру: жасанды интеллект пен заманауи құралдардың мүмкіндіктері мен шектеулері» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Бағдарлама аясында «3 компонент – 1 нәтиже: ЖИ, цифрлық құрал, белсенді әдіс» қағидаты негізінде заманауи білім берудің нақты тәжірибелері ұсынылды:
✔География, тарих, биология, математика, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша практикалық мастер-класстар өтті. Практикалық бөлім аясында өз тәжірибесімен бөліскен педагогтер:
География пәні мұғалімі Д.А.Ишеева;
Бастауыш сынып мұғалімі Р.М. Наурызбекова;
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Д.Б.Бекмухан, И.У.Ерназарова;
Тарих пәні пәні мұғалімдері М.М.Базарова, А.Б.Турышева, А.Е.Балсеитова;
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Э.М.Калжанова, А.К.Алиева;
Көркем еңбек пәні мұғалімдері Д.А.Казиева, З.К.Тлеубаева;
Биология пәні мұғалімі А.Е.Шуленова;
Математика пәні мұғалімі К.Р.Танатарова.
«Мен үшін маңызды болған үш ой» әдісімен рефлексия бөлімін информатика пәні мұғалімі Д.А.Зеріпбаева жүргізді.
✔ Қатысушылар тәжірибе алмасып, өзара кәсіби байланыстарын нығайтты.
