2026 жылғы 27 ақпан күні №27 орта мектеп-лицейінде ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің тәрбиесі, денсаулығы, қауіпсіздігі және құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:
Қыз бала тәрбиесі: анамен ашық сөйлесу – маңызды қадам;
Ұл бала тәрбиесі: ер жету жолындағы қолдау;
Сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің құқықтық салдары;
Жәбірленушіге көмек көрсету тетіктері.
Шараға арнайы мамандар қатысып, ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді:
№4 қалалық емхананың психологы Асанова Анара Сапаргалиевна жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызы туралы баяндады;
№4 қалалық емхананың гинекологы Маратова Айгерим Мухитовна қыз балалар денсаулығы, жеке гигиена және жасөспірім кезеңіндегі тәрбиенің маңыздылығы жөнінде ақпарат берді;
Ақтөбе қаласы Астана ауданы №1 ҚПБ ҚҚҚ УПИ полиция капитаны Құлғарин ӘзЖәнібек Алпамысұлы сталкинг, некеге мәжбүрлеу фактілерінің құқықтық салдары және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар толық жауап беріп, қажетті кеңестер ұсынылды.
Қорытынды:
Ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дұрыс тәрбие беру мақсатында өткізілген кездесу өз деңгейінде ұйымдастырылып, тәрбиелік маңызы жоғары болды.
