Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру және қолдау мәселелері бойынша педагог-ассистенттермен кеңес

Инклюзивті оқыту

25 қыркүйек 2025 жылы педагог-ассистенттермен жиналыс өтті
Бүгін, 25 қыркүйек 2025 жылы, мектепте ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) оқушылардың оқу үдерісін ұйымдастыру және қолдау мәселелері бойынша педагог-ассистенттермен жоспарлы жұмыс жиналысы өткізілді.
Кездесуге инклюзивті білім беру бағытына жетекшілік ететін директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.К. Князбаева қатысып, инклюзивті тәжірибені дамытуға қатысты өзекті мәселелерге тоқталды.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау сапасы;
Педагог-ассистенттердің кәсіби міндеттері мен жауапкершілік аясын нақтылау;
Оқу процесіндегі мұғалімдер мен ассистенттер арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті ұйымдастыру жолдары;
Құжат жүргізу тәртібі мен есептілік талаптары;
Мектеп формасына қатысты қойылатын талаптар және оның сақталу барысы.
🔹 Кездесу нәтижесінде педагог-ассистенттердің жұмысын жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Бұл жиналыс — мектеп ұжымының ерекше білім беруге тең қолжетімділік жасау жолындағы жүйелі жұмысының бір көрінісі болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ