Дөңгелек үстел: «Педагог-ассистенттің рөлі мен оқушыға эмоциялық қолдау көрсету жолдары»
Бүгін мектепте педагог-ассистенттерге арналған дөңгелек үстел өтті.
Кездесу барысында педагог-ассистенттердің кәсіби рөлі, оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдары мен эмоциялық қолдау көрсету тәсілдері талқыланды.
Қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты жағдайлар арқылы шешімдерді бірлесе іздеді.
Іс-шараның мақсаты – педагог-ассистенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және оқушыларға қолдау көрсетудің тиімді тетіктерін айқындау.
