Бүгін 31.10.2025ж. №27 орта мектеп-лицейінде «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және I тоқсан бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындыларын талдау» тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
I тоқсанның оқу-тәрбие жұмысының талдауы:
Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасының деңгейі;
Оқу жетістіктері мен проблемалық бағыттардың диагностикасы;
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.
(Баяндамашы: Князбаева Л.К.)
Заманауи құрал-жабдықтар мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, жасанды интеллектіні тиімді қолдану.
(Баяндамашылар: Буркутова Л.Ж., Абдинагиева У.А.)
Мектеп-лицейде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.
(Баяндамашылар: Князбаева Л.К., Литвиненко В.А.)
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәрбиелік жұмыс бағыттары.
(Баяндамашы: Сейілхан Б.К.)
Әлеуметтік жағынан осал оқушылармен жұмыс.
(Баяндамашы: Мухамбетьярова А.Е.)
2025–2026 оқу жылында аттестатталатын педагогтердің портфолиосы.
(Баяндамашы: Танатарова А.Х.)
Педагогикалық кеңес барысында бірінші тоқсанның оқу-тәрбие жұмысына талдау жасалып, оқу сапасын арттыру жолдары, инклюзивті білім беруді жетілдіру бағыттары, сондай-ақ заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні тиімді қолдану мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мектептегі әлеуметтік жағынан осал оқушылармен, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жүргізу туралы ұсынымдар берілді. мектептегі құқықбұзушылықты болдырмау жолдары туралы пікір алмасу жүргізілді. Мектеп оқушыларына психологиялық қолдау, педагог кадрлармен жұмыс жүргізу формалары туралы да қарастырылды
