Ерекше білімге мұқтаж оқушының ата-анасымен кездесу өтті

Инклюзивті оқыту

Бүгін, яғни 24 ақпан 2026 ж. ерекше білім беруді қажет ететін оқушының ата-анасымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушының мінез-құлқы, оқу жетістіктері, даму ерекшеліктері және оларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық қолдау мәселелері талқыланды. Ата-анаға қосымша қолдау түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – баланың табысты дамуының негізгі кепілі. Бірлескен жұмыс нәтижесінде әр оқушының әлеуетін ашуға мүмкіндік туады.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ