7 сынып оқушылары сынып жетекшісімен және кәсіби бағдаршаммен бірге № 6 қалалық емханаға барды

Кәсіби бағдар

7-сынып оқушылары сынып жетекшісі мен кәсіби бағдар беруші маманның жетекшілігімен №6 қалалық емханаға танымдық экскурсияға барды. Кездесу барысында медицина қызметкерлері оқушыларға денсаулықты сақтаудың маңызы, салауатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу туралы айтып берді.

Оқушыларға ағзаны күту, күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу және зиянды әдеттерден аулақ болу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар денсаулыққа зиян келтіретін заттар мен әдеттер туралы кеңінен айтылып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Экскурсия пайдалы әрі танымдық сипатта өтіп, оқушыларға денсаулықтың қадірін түсінуге және оған жауапкершілікпен қарауға көмектесті.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ