Жаңа серіктестік – жаңа мүмкіндіктер! №27 мектеп-лицейі Облыстық жасөспірімдер кітапханасы – С Жиенбаев атындағы кітапханамен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғанын қуана хабарлайды.
Аталған келісім аясында алдағы уақытта «Оқитын мектеп» жобасын дамыту, сондай-ақ оқырмандар клубының жұмысын жандандыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізіледі.
Серіктестігіміздің негізгі бағыттары:
• оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру
• әдеби кездесулер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастыру
• бірлескен көрмелер, акциялар және зияткерлік жобалар өткізу
• оқушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау
Бұл ынтымақтастық оқушыларымызға жаңа мүмкіндіктер ашып, кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп сенеміз.
Бірге оқимыз – бірге дамимыз!
