Кітаптың құрылымы

Кітапхана іс-шарасы

Кітапханада «Кітаптың құрылымы» атты кітапханалық сабақ өтті. Жас оқырмандар кітаптың негізгі элементтері мен құрылымы туралы, кітаптың не туралы екенін қалай түсінуге болатынын білді. Сондай-ақ оқушылар жаңа терминдермен: алғысөз, аңдатпа (аннотация), соңғы сөз және анықтамалық аппаратпен танысты.
Сабақ соңында балалар кітаптың құрылымы бойынша сұрақтарға жауап беріп, пазлдар жинады.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ