Байдербес Ғалымжан Ермағанбетұлы
(16.10.1935 жыл. Ескене –Атырау-29.05.2023)

Қазақстан Журналистер одағы мүшесі. Гурьев пединституты, филология факультетін бітірген. Жылой ауданы, Құлсарыдағы Абай мектебінде мұғалім, оқу ісі меңгерушісі, аудандық оқу бөлімі, инспекторы (1962-1970).

1970 жылы Ақтөбе мектеп-интернатта мұғалім, 1971-1975 жж.- ҚазССР 15 жылдығы Хабаловка (Қобда ауданы) мектебінің директоры.

1975-1986 жж. – Әлия Молдағұлова атындағы арнаулы шарушылық бірлестігінің партком хатшысы.

1986-1997 мұғалім, 1997-2001 жылдары Әлия мұражайының сенімді басқарушысы.

2001 ж.- мұражайдың ғылыми қызметкері, мұражайдың негізгі салушы. Осы жылдары «Әлия батыр қызы сен Халқымның», « Алия –наша гордость» (1994ж.) Ұзақбай Қауыспен бірігіп «Әлия ғасыр аруы» (2001ж.), «Аңызға айналған арулар» (2002ж.), «Девушки, ставшие легендой» (2003ж.), «Әлия ғұмыр: ерлікпен өнеге» (2006ж.), «Подвиг длиною в жизнь» (2007ж..) кітаптарының авторы. 2009 жылы ағылшын тіліне аударылды.

2009, 2013 жж. Новосокольники (Псков облысы) қаланы азат ету 65-70 жылдығына – Мәскеу — Санкт-Петербургке шақырумен делегация құрамында барып қайтты.

2000 жылы құрылған «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Әлия мен Мәншүкке арнап 2002 жылы қала әкімі Е.Сағындықов көмегімен 27 мектепте музей ашты. Ақтөбе медицина колледжінде М.Маметова атындағы музей ашты, қазір жұмыс істеп тұр. Мәскеу, Санкт-Петербург музейлеріне экспонаттар беріп, байланысып тұрады.

2010 жылы «Ұлы даланың батыр қыздары» кітабы шықты, кейін орыс тіліне аударылды Мәскеуліктердің сұрауымен Героини Великой степи»

2011 жылы 79 жыл ескерусіз қалған Әлияның анасы – Маржанның жерленген жері анықталып (Қобда ауданы, Бұлақ-Көкмешіт). Қобда ауданы әкімдігі ескерткіш орнатып, ас берді, экскурсия маршрутына қосылды.

Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі, «Еңбектегі ерлігі» үшін медалімен (1982 ж.), Шапағат (2003ж.), ҚР Конституциясының 10 жылдығы, «Тәуелсіздіктің» 10, 20 жылдығы, Бауыржан Момышұлы медальдарымен марапатталған, Ақтөбе облысының жыл адамы аталған (2003ж.), ҚР туризм және спорт министрлігі құрмет грамотасымен марапатталған (2006ж.).

Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл, Ә.Молдағұлова 90 жылдығының қарсаңында, қалалық оқу бөлімінің Ляззат Аманжолқызы көмегімен 14 қаңтар 2015 ж. Ә.Молдағұлованың ерлікпен қаза болған күн, қайта жаңа экспонаттарымен жасақталып ашылды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ