Осы атаулы күнге орай №27 орта мектебінің 10 «В» сынып оқушылары 13 ақпан күні «Ерлік сабағын» өткізді. Сабақтың басты мақсаты – жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру, ерлік пен батырлықты дәріптеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабаққа арнайы шақырылған Ауған соғысының ардагері Нұрмағамбетов Бауржан қатысып, өз естеліктерімен бөлісті. Ол оқушыларға соғыстың ауыр кезеңдері туралы айтып, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
