Қазақстан Республикасы ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты – құқық қорғау саласындағы білікті мамандарды даярлайтын беделді оқу орны

Кәсіби бағдар

Институт өкілдері кәсіби бағдар беру жұмысы аясында студенттермен кездесу өткізіп, оқу орны туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу барысында талапкерлерге оқуға түсу талаптары, оқу үдерісі, курсанттардың күн тәртібі және болашақ қызметтің ерекшеліктері таныстырылды.
Қатысушылар институттың материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен және курсанттардың өмірімен танысты. Оқу орнының басты мақсаты – заң мен тәртіпті құрметтейтін, Отанға адал қызмет ететін мамандар даярлау екені атап өтілді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ