Жаңашыл ұстаз тәжірибесі: информатика сабағындағы трансформация

Семинарлар

2026 жылғы 11 ақпанда «№27 орта мектеп-лицейі» КММ базасында «Жаңашыл ұстаз тәжірибесі: информатика сабағындағы трансформация» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – заманауи педагогикалық және цифрлық тәсілдер арқылы информатика сабағын жаңа деңгейге көтеру тәжірибесін ұсыну.
Аталған іс-шараға Ақтөбе қаласы білім бөліміне қарасты мектептердің 0–5 жыл еңбек өтілі бар информатика пәні мұғалімдері қатысты.
Семинар барысында:

  • жаңашыл мұғалімнің заманауи рөлі;
  • сабақта цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдану;
  • оқушылардың жобалық және практикалық жұмыстары;
  • бағалау үдерісі және академиялық адалдық мәселелері қарастырылды.
    Семинар аясында мектептің информатика пәні мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:
    Ә.М. Қарабаев – «Элементті жою және кірістіру» тақырыбында панорамалық сабақ;
    Д.А. Зеріпбаева – «Сабақтағы AI және STEM көрнекіліктер»;
    Н.Ж. Дайтова – «Олимпиадалық старт: дайындық, стратегия, жетістік»;
    А.Б. Сағынтаев – «FPV-класс: дрондарды симуляторда оқыту»;
    А.Р. Алдрапеков – «Инновациялық сабаққа рефлексивті көзқарас».
    Семинар барысында инновация, тәжірибе және кәсіби даму бір алаңда тоғысып, педагогтердің жасанды интеллект пен заманауи технологияларды тиімді қолдануына бағытталған тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
"№27 орта мектеп-лицейі" КММ