Ұстаздар сабақтастығы қазақ тілін оқытудағы дәстүр мен жаңашылдық

Әкімшілік хаб

Бүгін мектебімізде «Ұстаздар сабақтастығы: қазақ тілін оқытудағы дәстүр мен жаңашылдық» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні ардагерлері мен жас мамандардың тағылымды кездесуі өтті.
Ардагер ұстазымыз Алтын Бахрадиновна өзінің мол педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, жас мұғалімдерге ақыл-кеңесін айтты.
Кездесу барысында:
– қазақ тілін оқытудағы тиімді дәстүрлі және заманауи әдістер;
– жас мұғалімдердің ізденісі мен қиындықтары;
– ұстаз мәртебесі мен ұрпақтар сабақтастығы кеңінен талқыланды.
Бұл дөңгелек үстел – тәжірибе мен жаңашылдықтың тоғысқан, рухани маңызы зор бас қосу болды.
Ұстаз жолы – мәңгілік сабақтастық!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ