Қалалық мәдениет сарайы қаланың бас шыршасының шамын жағу рәсіміне орай дәстүрлі «Аққалалар шеруін» ұйымдастырды. Аталған шараға мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Казиева Динара Асылбековнаның шығармашылық жұмысы қатысып, көпшілік назарына ұсынылды. Қолдан жасалған аққаласы өзінің ерекше дизайны мен жоғары деңгейде орындалуымен қазылар алқасының оң бағасын алып, нәтижесінде алғыс хатпен марапатталды. Бұл жетістік ұстазымыздың шығармашылық шеберлігін, еңбекқорлығын және кәсіби біліктілігін айқын көрсетті.
