Болашақ мамандықты таңдау және оқыту бағыттары бойынша кеңестер

Кәсіби бағдар

Бүгін 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мамандары Zoom платформасы арқылы «Болашақ мамандықты таңдау және оқыту бағыттары бойынша кеңестер» тақырыбында онлайн семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу, жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламалары мен оқыту бағыттары туралы жан-жақты ақпарат беру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтармен таныстыру, сондай-ақ әр оқушының жеке қызығушылығы мен қабілетіне сай кәсіби жолын анықтауға бағыт-бағдар беру болды. Семинар барысында университет мамандары өзекті мамандықтар, талап етілетін дағдылар, оқуға түсу шарттары және болашақтағы мансаптық мүмкіндіктер туралы кеңінен мәлімет беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ