«Оқушы тұлғасын жетілдіру арқылы сыныпты басқару» тақырыбында жас сынып жетекшілерге арналған семинар өтті
Мектебімізде жас сынып жетекшілерге арналған «Оқушы тұлғасын жетілдіру арқылы сыныпты басқару» тақырыбындағы семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты — жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сынып ұжымын басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерту, тәрбие жұмысын тиімді жоспарлау жолдарын көрсету, сондай-ақ оқушылармен және ата-аналармен өзара әрекеттестікті дұрыс ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу болды.
Іс-шара барысында тәжірибелі сынып жетекшілер
Карагулова Актюбе Зайлагиевна,
Назырова Александра Вадимовна,
Ишеева Диана Абуталиповна,
Алиева Асель Кожабековна
өздерінің жұмыстан жинаған құнды тәжірибелерімен бөлісті. Олар сыныпта қолайлы эмоционалдық ахуал қалыптастыру, оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған тиімді әдістер, ата-анамен серіктестік қарым-қатынас орнату, оқушылардың жауапкершілігін арттыру жолдары туралы нақты мысалдар келтірді.
Семинар жас сынып жетекшілер үшін пайдалы ақпаратқа, практикалық кеңестерге толы болды. Қатысушылар жаңа идеялар мен әдістерді өз тәжірибесіне енгізуге ниетті екендерін білдіріп, семинар жоғары деңгейде өтті.
