8 желтоқсан күні мектепте «Жас мамандарға әдістемелік қолдау – білім сапасын арттыру кепілі» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты – жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сабақ беру әдістемесін жетілдіру және педагогикалық шеберлігін дамыту.
🔹 Кіріспе бөлімде мектептің әдіскері А.Х.Танатарова жас мамандарға қойылатын кәсіби талаптар, кәсіби құзыреттілік, коммуникативтік дағдылар, үздіксіз даму, цифрлық сауаттылық және педагогтің әдеп мәдениеті жайлы жан-жақты ақпарат ұсынды.
🔹 Шеберлік сабағын жас мамандар жетекшісі Абдинагиева У.А. өткізіп, «Сабақтың тиімді құрылымы және белсенді оқыту әдістері» тақырыбында практикалық тәсілдермен бөлісті. Қызықтыру әдістері, деңгейлеп оқыту, қалыптастырушы бағалау және SMART мақсат қою бағыттары талданды.
🔹 Тәжірибе алмасу бөлімінде тәжірибелі ұстаздар
Дисмурзова Ж.А., Шабарова А.Б.
өздерінің «Үздік сабағым» презентацияларын ұсынып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
🔹 Семинар соңында әдіскер А.Х.Танатарова жас мамандарға арналған пайдалы LIFE HACK– әдістемелік кеңестер беріп, маңызды ойларымен бөлісті.
✨ Семинар жас педагогтарға кәсіби қолдау көрсетіп, тәжірибе алмасуға, әдістемесін жетілдіруге үлкен мүмкіндік берді.
