“Директормен үзіліс” жобасы аясында мектеп директоры 21 ақпан күні оқушылар арасында “Көңілді үзіліс” өткізді. Үзілісте топтық ойындар, логикалық сұрақтар болды. “Көңілді үзіліс” оқушылар арасындағы достық атмосфераны қалыптастыруға, көңіл-күйді көтеруге ықпал етті. Ойын соңында оқушыларға ыстық бауырсақтар таратылды.
