Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі

30 қазан күні «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында мектепішілік шара өтті. Шараның мақсаты-қыз балаларымызды елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындата отырып тәрбиелеуге, қазіргі жаһандану кезеңінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтап қалуды міндет етіп, мектебізде «Аянат» қыздар клубы мен «Асыл аналар» клубының тұсауы кесілді.
Кештің қонақтары: ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шолпы» қоғамдық қорының басшысы, республикалық «Ана» журналының редакторы Алмагүл Сарыбай, Ақтөбе облысы әкімі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, ақын Серікбай Қайдасов,
Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университтің тарих пәнінің мұғалімі, тарих ғылымдарының кандидаты, «Сырғалым» қыздар клубының жетекшісі Оразаева Жазира
30 ЖББМ мұғалімі «Инабат» қыз балалар клубының жетекшісі Тилешова Зульфия
Тарихи өлкетану музейінің сектор меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері Данабаева Жаңылған.
Осы шараны ұйымдастырған және клуб жетекшілері: Алиева А.К және Утешова Ш.К.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ