Ұлт үні – ұрпақ үні

Кітапхана іс-шарасы

«Сыбаға» ұлттық дәстүрлер фестивалі аясында кітапханада «Ұлт үні – ұрпақ үні» атты кітап көрмесі өтуде.
Кітап көрмесінің мақсаты – халқымыздың мәдени-рухани мұрасын таныстыру, тарихқа деген қызығушылықты ояту, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, мәдениетіміз бен туған жерімізге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрмеге қазақ халқының ұлттық құндылықтары, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы, тұрмыс-тіршілігі туралы кітаптар, сондай-ақ ұлттық ерекшеліктері, музыкалық аспаптары, киім-кешектері, халықтық қолөнер, ертегілер, аңыз-әңгімелер туралы кітаптар қойылды.
Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ