Бүгін 20 қараша күні мектебіміздің 7–8 сынып оқушылары «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» тақырыбында мазмұндама жазды
Қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігі ең алдымен заң мен тәртіпке байланысты. Заң – әр адамды қорғауға және дұрыс бағыт көрсетуге арналған ортақ ережелер жүйесі. Ол бізді сыйластыққа, әділдікке, жауапкершілікке тәрбиелейді.
Бүгінгі мазмұндама жұмысы арқылы оқушылар заңның қоғамдағы рөлі, әділдік пен тәртіптің маңызы, әр азаматтың жауапкершілігі туралы терең ойлануға мүмкіндік алды.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге үлкен ықпал етері анық.
