Қазақтың көрнекті қайраткері, Алаш партиясының қайраткері, ақын, жазушы, публицист, ағартушы Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай №27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында «Тарих зердесі» атты ақпараттық сағат өтті.
Басты мақсат: Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның тарихи рөлін өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Шара басында А.А. Қуандықова ақынның өмірбаяны мен қоғамдық қызметіне тоқталып, оның қоғамдық-саяси көзқарастары мен шығармашылық мұрасының тереңдігін ашатын қызықты деректер келтірді. Оқушылар «Оян, қазақ!» фильмінен үзінді тамашалап, фильмнен үзінді көрсетіп, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.
«Тарих зердесі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Міржақып Дулатовтың шығармалары мен оның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар қойылды.
Кітапханашы әдебиеттерге библиографиялық шолу жүргізді.
