«Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында №27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында 2-сынып оқушылары арасында «Кітапхананы пайдалану ережелері», «Кітапқа ұқыпты қарау» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді.
Оқушылар кітапханамен танысып, оның басты құндылығы — ішінде көптеген қызықты мәліметтер сақталған кітаптар екенін білді. Кітапханадағы кітаптар қолдан-қолға өтетіндіктен, жас оқырмандардың назарын кітапқа ұқыпты қарау қажеттілігіне ерекше аударды. Кітапханашылар балаларға кітапты таза қолмен алу, беттерін бүктемеу, сурет салмау, оқығанда кітапты қатты бүктемеу керектігін еске салды.
Шәкірттер «Ертегіні тап», «Әдеби лото» ойындарына белсенді қатысты. Оқушылар сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беріп, шығармалардың авторлары мен кейіпкерлерін тапты.
