2025 жылдың 3 қазан күні «Дублер күні» өткізілді. Бұл күні жоғары сынып оқушылары мұғалімдердің орнына сабақ жүргізіп, ұстаздық қызметтің қыр-сырымен танысты. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, ұстаз еңбегінің маңыздылығын түсіндіру және оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Дублер күні белсенді әрі қызықты өтті, оқушылар сабақ барысында өздерін мұғалім ретінде сынап көрді.
