17 қазан күні Әлиятанушы “Қос Шынар” қоғамдық қорының төрағасы , Ақтөбе облысының құрметті азаматы Байдербес Ғалымжан Ермағамбетұлының 90 жылдығына (1935-2023 жж) орай «Ұлттың ұлы перзенті – Ғалымжан Байдербес» еске алу шарасы өтті.
Шараға Бахтияров Еркін Серікқалиұлы- Ақтөбе облысының мемлекеттік архивының ғылыми қызметкері , Гүлдана Абайқызы “Ақтөбе” телеарнасының редакторы
Максутова Жанар Тугамбаевна – Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің қызметкері.
Каумешов Бекзат Болатұлы – №77 ЖББОМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және Байдербесова Ақмарал Ғалымжанқызы- мемлекеттік қызметкер, Ғалымжан Ермағанбетұлының қызы қатысты.
Еске алу кеші Ғалымжан Ермағамбетұлының атына ашылған тарих кабинетімен таныстырылды , “Әлия-Мәншүк” мұражайына шағын экскурсия өткізіліп шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
