Бүгін №27 орта мектеп- лицейінде “ӨРЛЕУ” БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ” ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ базасында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы “Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығармаларды оқытуды ұйымдастыру: әдебиет теориясы, Көркем шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері” тақырыбындағы облыстық семинар өткізді.
Семинар мақсаты: заманауи мұғалімнің тәжірибесінде қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығармаларды оқытуды ұйымдастыру бойынша инновациялық стратегиялар мен құралдарды қолдануда педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Облыс мұғалімдері педагогикалық шеберліктерін арттырып, заманауи әдіс-тәсілдерді ұлттық құндылықтарды дәріптеуде қолдана отырып, көркем шығармаларды оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерімен өзара тәжірибе алмасты. Ұстаздар жаңа идеялармен танысуға, өз білімдерін жетілдіре отырып, кәсіби даму жолында жаңашылдыққа жол ашты.