Сабақта заманауи платформаларды қолдану

№27 мектеп-лицейінің “Техникалық ғылымдар” бірлестігі жылдық жоспары аясында «Сабақта заманауи платформаларды қолдану» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қазіргі заманғы цифрлық құралдар және оларды оқу процесінде тиімді пайдалану жолдары қарастырылды. Семинарға қатысушылар білім беруде технологияларды қолданудың практикалық тәсілдерін талқылап, өзара тәжірибе алмасты және цифрлық платформаларды қолданудың табысты кейстерін ұсынды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ