Жазушы, ақын, қоғам қайраткері Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай №3 қалалық кітапханамен бірлесіп «Мөлдір махаббат» романын талқылау сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға 10 «А» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы Ж.К. Нұрымгереева Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, тұсаукесерін көрсетті.
«Мөлдір махаббат» – жазушының алғашқы прозалық шығармаларының бірі. Оқушылар оқығандары туралы жеке әсерлерімен бөлісті, кітап көрмесімен танысты.
Іс-шараға қатысушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы бойынша қызықты саяхат жасады.