7 ”А, Ә” сынып ата-аналарына
“Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі” тақырыбында педогогикалық қолдау орталығы аясында жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты – жасөспірімдердің даму ерекшеліктерін түсініп, олармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын қарастыру болды.
Кездесу барысында келесі бағыттар қамтылды:
- Жасөспірімдердің физикалық, психологиялық және әлеуметтік даму кезеңдері туралы мәлімет берілді.
- Эмпатияны дамыту және жасөспіріммен сенімді байланыс орнату тәсілдері түсіндірілді.
- Жасөспірімнің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі бағалауын қалыптастыруға арналған ұсыныстар қаралды.
- Жасөспірімдерге қолайлы орта қалыптастыру әдістері талқыланды.
Жиналыс барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасты, сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алдынды.
Өткізген:
7”Ә” сынып жетекшісі: Шуленова А.Е
7”А” сынып жетекшісі: Құдабаева Ж.Р