Олеум бойынша есептерді шешу

​2025 жылғы 17 сәуірде, КММ “BILIM QAZYNA” жоспарына сәйкес, №27 орта мектеп-лицейінде химия пәні мұғалімдерінің қауымдастығының шеберлік сабағы өтті.​

Тақырыбы: «Олеум бойынша есептерді шешу», «Қышқыл-негіздік титрлеу».​

Шеберлік сабағының мақсаты: Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, «Олеум» және «Қышқыл-негіздік титрлеу» тақырыптары бойынша есептерді шешудің тиімді әдістерімен таныстыру, алынған білімді тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту, оқыту сапасын арттыру және оқушылардың білім деңгейін көтеру.​

Іс-шараға КММ “BILIM QAZYNA” әдіскері А. Садыкова және қаланың химия пәні мұғалімдері қатысты.​

Аталған тақырыптар бойынша өз тәжірибелерімен №75 мектептің химия пәні мұғалімі Д.С. Румагамбетова, Ақтөбе орта мектебінің химия пәні мұғалімі А. Рахметалина, №45 мектептің химия пәні мұғалімі Ә. Абылайқызы және №27 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Л.Ж. Буркутова   бөлісті.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ