Мектеп кітапханасы оқырмандарына «Салт – дәстүрім — асыл қазынам!» атты кітап көрмесін дайындады. Көрменің мақсаты – мерекенің шығу тарихымен таныстыру, жаңа өмірдің оянуы, бейбітшілік пен көктем мезгілі, қазақ халқының тарихына, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Көрмеде Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, қазақтың ұлттық киіз үйі, ұлттық тағамдары туралы, т.б. кітаптар қойылған.
Кітаптан жасалған ерекше киіз үйді орнату киіз үйдің ішкі безендірілуін көруге мүмкіндік береді.
Көрме наурыз айының соңына дейін жалғасады. Наурыз туралы кітап оқиық!