2025 жылғы 27 ақпанда КММ «№27 орта мектеп-лицейінде» бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш мектепте геймификация: іс-тәжірибеде қолданылатын тиімді әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Іс-шара барысында «Білім беру процесіндегі интерактивті оқыту құрал ретінде геймификацияның теориялық негіздері» тақырыбында теориямен танысып, әр түрлі платформаларда онлайн тақталарды пайдалану арқылы сабақтарда ойын әрекеттерін ұйымдастыруды, білім беру квесттерін кеңінен қолдануды, сондай-ақ AR жене VR технологияларын оқу үдерісіне енгізуді, геймификациялық бағалауды интернетсіз және онлайн тақталарда қолдануды талқылады. Семинар қатысушылары ұсынылған материалдардың іс-тәжірибелерде құндылығын атап өтіп, оларды өздерінің педагогикалық тәжірибелеріне енгізуге қызығушылық білдірді. Әсіресе, барлық оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ететін және қызықты ойын үдерстерін құру қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мұғалімдер заманауи AR және VR технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін байытып, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға мән берді. Семинар педагогтардың геймификация саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттырып, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда ойын әдістерін тиімді қолдану құралдарымен қамтамасыз етті