Жасөспірімдермен жұмыстағы арт терапия

Бүгін 25.02.2025 ж. “BILIM QAZINA” КММ жоспарына сәйкес “№ 27 ОМЛ” КММ базасында “Жасөспірімдермен жұмыстағы арт терапия” тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: қалалық мектеп психологтарын жасөспірімдермен жұмыс істеудің арттерапиялық әдістерімен таныстыру. Семинарға “Bilim QAZINA” КММ әдіскері – Кулжанова Роза Жұмабековна және М. Оспанов атындағы медицина университетінің Психология кафедрасының өкілдері – А. И. Миралеева, Г. К. Неталина, Г. С. Куркбасова, М. М. Книсарина қатысты. Семинарда теориялық және практикалық жұмыстар жүргізілді, “№ 27 ОМЛ” КММ мектебінің психологтары В. А. Литвиненко, А.С. Бекбосынов қатысушыларды арт-терапия әдістерімен таныстыра отырып, оларды іс жүзінде қалай қолдануға болатынын тәжірибе жүзінде көрсетті.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ