Қаныш Имантайұлы Сәтбаев

29 қаңтар 2025 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, “Балалар кітапханасы” жобасы аясында бәсекеге қабілетті, санасы ашық, білім мен ғылымға құштар ұрпақтың жан-жақты дамуы мен кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 9, 10 сынып оқушыларының қатысуымен
“Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы» атты қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен өнегелі мұрасына арналған танымдық сағаты өтті.
Шара қонағы Қазақстан Әкелер қауымдастығының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Жасұлан Қазгелдіұлы Қаныштың әкесі Имантай қажының шығыс шайырларының жыр-дастандырымен сусындатып, бала тәрбиесіндегі негізгі 7 қағидасына баса назар аударғанын айтса, “Яссауи» сөз өнері орталығының жетекшісі Нұрбаева Светлана Әлтайқызы ғалымның ғұмырындағы баянды да баянсыз күндерін, геологиялық барлау жұмыстарындағы қажымай тер төккеннін тілге тиек етті.
Оқушылар да өз тараптарынан Медеу Сәрсекенің роман-эпопеясынан оқып білген ақпараттарынан бөлек, ғалымның қазақ жерінің геологиялық картасын жасаудағы еңбегіне байланысты сұрақтар қойып, соңында Қаныштың афоризм сөздерін өмірмен байланыстырып ой түйін айтты.
Ұйымдастырушылар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Қалжанова Э.М, Утешова Ш.К мен мектеп кітапханашысы Уналбаева Г.Қ.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ