2026 жылғы қараша айында №27 орта мектеп-лицейінде Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту, кеңес мүшелерінің міндеттері мен жауапкершілік бағыттарын нақтылау мәселелері қарастырылды.
Күн тәртібінде:
🔹 Мектептегі әлеуметтік санаттағы білім алушылар туралы ақпарат;
🔹 Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету;
🔹 Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту;
🔹 Жаңа жылдық мерекелік іс-шараларға әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларды қамту;
🔹 5–11-сынып оқушыларының ата-аналары арасынан мерекелік кезекшілікті ұйымдастыру;
🔹 Құқықбұзушылықтың алдын алу және мектепішілік есепте тұрған оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында балалардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытында бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
🤝 Бала мүддесі – ортақ жауапкершілік!
