Республика күні қарсаңында халық арасында кітап оқу мәдениетін дәріптеуге бағытталған «Кітап оқитын ұлт» жобасының ресми әнұраны мен бейнебаяны жарық көрді.
Жобаның негізгі мақсаты — қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және халықтың күнделікті кітап оқу дағдысын арттыру. ✨Кітап — даналық пен шабыттың басты қайнар көзі. Кәне, кітапты бірге оқып, айналамызға шабыт сыйлайық!
