Қазақстан – елім менің

Кітапхана іс-шарасы

Кітапханадағы Республика күні!
5 «В» сынып оқушылары үшін еліміздің басты ұлттық мерекесіне арналған патриоттық сағат өтті. Кездесудің басты мақсаты — Отанға деген мақтаныш сезімін ұялату, мектеп оқушыларының Қазақстан тарихы туралы білімдерін кеңейту және оларды отандық үздік басылымдармен таныстыру болды.
📍 Іс-шара бағдарламасында:
• «Қазақстан — елім менің» кітап көрмесі: бесiншi сынып оқушылары жарқын фотоальбомдармен, Қазақстанның киелі жерлері, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен мәдени мұрасы туралы кітаптармен танысты.
• Библиографиялық шолу: балалар еліміздің егемендігін алудағы негізгі кезеңдер мен тарихи тұлғалар туралы білді.
• «Өз еліңді білесің бе?» викторинасы: кездесу соңында оқушылар алған білімдерін интерактивті ойын арқылы пысықтады. Бесінші сыныптықтар Отан туралы күрделі сұрақтарға жарыса жауап беріп, жоғары білімділік танытты!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ