Педагогтерді жұмысқа қабылдауға конкурс жарияланады!

Вакансиялар

Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп-лицейі» КММ педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

🔹 Бос жұмыс орындары:
•Педагог-психолог- 1 бірлік

💰 Еңбекақы мөлшері:
•Педагог-психолог- 130 000 тг

Еңбекақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты.

📅 Құжаттарды қабылдау мерзімі:
3-11 қараша 2026 жыл

📍 Мекенжайы:
Ақтөбе қаласы, Ағ. Жұбановтар көшесі, 273А

📧 Электронды пошта:
aktschool-27@yandex.kz

📞 Байланыс телефоны:
8 (7132) 46-22-61

💻 Құжаттар электронды түрде «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулі арқылы қабылданады:
HR-NOBD ақпараттық жүйесі

📄 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;
  4. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
  6. 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. Психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  8. Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама;
  9. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы құжат;
  10. Педагог лауазымына кандидаттың бағалау парағы;
  11. Жұмыс орнынан немесе оқу орнынан ұсыным хат.

📚 Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

✨ Білімі мен кәсіби тәжірибесін білім саласында дамытуға ниетті педагогтерді конкурсқа қатысуға шақырамыз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ