Демалыс кезінде кітап оқу — тынығып, уақытты тиімді өткізудің тамаша мүмкіндігі.
⚜️Сіздерді ақшалай сыйлы тоқтар, велосипед немесе кинотеатр мен ойын-сауық орталығына билеттер ұтып алу мүмкіндігі бар «Демалыста кітап оқимыз» атты республикалық марафонға қатысуға шақырамыз!
🎯Күзгі кезеңге тіркелу 10 қазан мен 30 қазан аралығында жүргізіледі.
🎯Қатысу үшін shyn-kitaphana.kz сайтына кіріп, тіркелу формасын толтырыңыз және өз сыныбыңызға сәйкес келетін кітапты жүктеп алыңыз. Бұл кітапты күзгі мектеп демалысы кезінде оқып шығуыңыз қажет.
🎯2026 жылдың 10 қарашасы мен 20 қарашасы аралығында қатысушылар оқыған кітабы бойынша онлайн тест тапсырады, ал әр санат бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткендер анықталады.
📚🍁«Күзгі демалыстағы ең үздік оқырман» санатындағы бас жүлде — құны 35 000 теңге болатын ваучер, ал басқа санаттардағы сыйлықтар қатарында велосипед, сондай-ақ кинотеатрға немесе ойын-сауық орталығына билеттер бар.





