📍 №27 орта мектеп-лицейі мен Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
🎯 Мақсаты: білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал ету, тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
🤝 Бұл меморандум — білім мен тәжірибені ұштастырып, жас ұрпақтың сапалы білім алуына, кәсіби дамуына және болашаққа нық қадам басуына бағытталған маңызды бастама.
✨ Бірлескен жұмысымыз нәтижелі болып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашсын!
