📚✨Кітапханада «Бір сынып – бір кітап» іс-шарасы өтті. Осы шара аясында 6 «А» сыныбының оқушылары Жюль Верннің «Жер шарын 80 күнде шарлау» атты шытырман оқиғалы романын оқып шықты.
📖✨Оқу жобасын қорытындылау мақсатында шығарма желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді көрсетілді. Сондай-ақ оқушылар кітапханада өткізілген қорытынды викторинада өз білімдерін сынап көрді. Бұл бізге оқушылардың романды қаншалықты мұқият оқып, оқиға желісін қаншалықты жақсы түсінгенін бағалауға мүмкіндік берді.
Викторинаға белсенді қатысқан барлық оқушыға алғыс айтамын және іс-шараны ұйымдастыруға көмектескен сынып жетекшісіне шынайы ризашылығымды білдіремін!
