📚✨«Сүйікті кейіпкерім» атты шығармашылық байқау. 3-«В» сыныбының оқушылары ертегілер мен мультфильмдердің сиқырлы әлеміне саяхат жасады. Олар өздеріне ұнайтын ертегі, мультфильм немесе кітап кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың бейнелерін қағаз бетінде жандандырды. Қатысушылардың суреттерінде классикалық ертегілердің мейірімді кейіпкерлерінен бастап, заманауи анимациялық фильмдердегі батыл қорғаушыларға дейінгі алуан түрлі бейнелер көрініс тапты. Әрбір сурет – жай ғана ашық түстердің үйлесімі емес, ол – шынайылық пен баланың жылы күлкісіне толы жеке бір оқиға.
