9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан мектепішілік жарыстар өткізілді

Мектеп Парламенті

9–11 сынып оқушылары арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізілді. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және командалық бірлігін көрсете білді. Әр команда жеңіске деген жігерімен ерекшеленіп, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – 9 «Ә» сыныбы
🥈 II орын – 10 «В» сыныбы
🥉 III орын – 9 «Б» сыныбы

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Спортқа деген қызығушылықтарыңыз артып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ