Күн тәртібі (ұйқы – 8 сағаттан кем емес, демалыс, тамақтану, таза ауада серуендеу, ата-аналардың балалармен бірге өтетін сабағы) жасқа қарай.
Дұрыс сапалы тамақтану (міндетті түрде — ыссы сұйық тағам, жаңа жеміс пен көкөніс, сүттен жасалған азық-түліктер, ботқалар; «фастфудтың», чипсылардың, кириешкилердің, газдалған сусындардың азғантайы).
Таза ауадағы серуендеу ( 2 сағаттан кем емес). Даладағы белсенді ойындар. Жай серуендеулер.
Баламен сапалы әңгіме (бірге ойнайтын ойындар, әңгімелер, телебағдарламарды қарау, кітап оқу, кроссворд шешу, басқатырғыш, сканвордтар).
Балалардың қасында қарап тұрып емес, олармен бірге ойнайтын даму ойындарын өткізу (лото, шашкі, шахмат, тоғыз құмалақ, домино, мозайка, үстел ойындары, пазлы).
Шығармашылық дарындығын дамыту (жабыстырма, бейнелеу, аппликация, кесте және т.б.).
Әр түрлі заттың ұқсастығын (2-3) және айырмашылығын табу (3-4) (мысалы: апельсин- доп, бұтақ — ағаш, ұшақ — құс, текше — қорабша, бала — шал, шам — күн).
Шынайы белгілеріне қатысты заттарды бір топқа қосу (мысалы: алма, алмұрт — жеміс; көйлек, шалбар — киім; ұшақ, автомобиль, поезд — көлік; күн, түн — тәулік уақыты; маусым, шілде — жазғы айлар; алабұға,жайын — балық және т.б. ).
Бір топқа жататын заттарды атап шығу ( 4 – 5 атау). Мысалы: Киім- … (майка, көйлек, шалбар, белдемше), балық- ….., әйел адам аттары-…., гүлдер-…., көкөністер-…, машиналардың маркалары-.., құралдар-….., ыдыс – аяқ- … және т.б.
Саусақ жаттығуы. Саусақ массажы. Қолдың ұсақ моторикасының дамыуы, ұсақ бөлшектерден құрастыру «Лего», мозайка құрастыру, суреттерді қыйу, пазлдарды жинау.
«Эврика» газетінің «Островок» бетіндегі барлық тапсырмаларды шешу.
Мектеп туралы әңгіме: бала деген кім, ол неге мектепке барады, неге білім алу қажет, мектепке бара жатқанда, мектептептен қайтқанда, сыныптастарымен сөйлескенде өзін қалай ұстауы керек.