1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шара барысында әртүрлі ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, ән мен би арқылы достық пен татулықтың, бірлік пен келісімнің маңызын айқын жеткізді. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерт еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.
