«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Халықтың басты жетістігі – Тәуелсіздік

№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған “Халықтың басты жетістігі – Тәуелсіздік” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты-біздің мектеп оқушыларын берік елге айналған тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихымен таныстыру. Сондай-ақ еліміздің жетістіктерін, қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өзгерістерді дәріптеу.
Бізге келіп, қараңыз және оқыңыз!