«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Асқақ арманды ақын

Қазақ халқының XX ғасыр басындағы көрнекті ақыны, жазушы, өз заманының жарық нұры Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдық мерейтойына орай 6 “ә” сыныбында “Асқақ арманды ақын” шарасы өткізілді. Сабақ барысында қазақ көгіне “күн” болып, шуағын шашқан Сұлтанмахмұт ақынның өмірі, шығармашылығы туралы ақпарат берілді. Топқа бөлініп, талдау жұмыстары жүргізілді. Ақынның өлеңмен өрген ойларын оқушылар өзара талдады.