«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Хабарлама 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «№27 орта мектеп лицейі»  КММ 2022-2023 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 05.06-15.06.2023 ж. 

« №27 орта мектеп лицейі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы Ағ.Жұбановтар көшесі 273 А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: 27_om@mail.ru­ байланыс телефоны: 87132 462261

            Қамқоршылық кеңесзаңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

            Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  1. білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  2. білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  3. білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  
  4. білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

            Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

  1. әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;   
  2. тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;  
  3. халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  4. білім беру ұйымы жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

            Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.

Ақтөбе қаласы білім басқармасының бастығы

Косымбаева М.О

                                                     ____________________________________

                                                                 (өтініш берушінің аты жөні)

                                                        тұратын жері ______________________

                                                          __________________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)

Өтініш

Мен____________________________№__________________________                                         (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

«№27 орта мектеп лицейі» КММ-нің қамқоршылық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

___________________(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___»__________________2023 ж.