«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Ақтөбе облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне сәйкес ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау басталады.

Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері  “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. https://egov.kz /

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
  • туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
  • № 063/у және № 026/у-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • баланың 3х4 см өлшемді цифрлық фотосуреті  (ақ жейде).

Оқуға қабылдау ағымдағы жылдың 1-тамызында аяқталады.